​«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 100-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

0
282


​«ОҢТҮСТІК» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 100-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРНЫ БАР

Шымкент қаласындағы «ОҢТҮСТІК» арнайы экономикалық аймағындағы 6 кәсіпорында 132 бос жұмыс орнын ұсынуда.

Олар:

1. «Azala Textile» ЖШС тоқыма фабрикасы – 25 тігінші, 3 оператор, 3 приборлар және автоматика инженері, 1 химия дайындаушы;
2. «Бона Файд Групп» ЖШС киім өндірісі – 6 тігінші, 1 жабушы (ер адам);
3. «Sagitex Group» ЖШС іш киім өндірісі – 6 тігінші, 3 ораушы, 1 жабушы, 1 жабушының көмекшісі, 1 киім дизайнері, 2 үтіктеуші, 1 сауда өкілі, 1 сату менеджері;
4. «Назар Текстиль» ЖШС кілем өндірісі – 1 жүргізуші (Д категориясы), 20 тоқымашы оператор, 5 дизайнер;
5. «ARNATEX» ЖШС синтепон өндірісі – 1 бас есепші, 1 кеңсе менеджері, 1 цех жұмысшысы;
6. «Бал Текстиль» ЖШС кілем өндірісі – 40 тоқу жабдықтарын құюшы, 5 жіп жабдығының операторы, 1 компрессоршы, 1 қалдықтарды қайта өңдеу операторы, 1 бастапқы жабдық операторы.
Бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді АЭА өкілі Үдербай Шерханнан +7 707 164 66 96 телефон нөмірі арқылы алуға болады.
Бүгінде арнайы экономикалық аймағында жобалар пулының жалпы құны 153,3 млрд теңге құрайды, 4 389 жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 67 жобадан тұрады. Оның ішінде, инвестициялық құны 59,8 млрд теңгені құрайтын 1 986 тұрақты жұмыс орнымен қамтылған 40 жоба іске асырылды.
Сонымен қатар, 2453 жаңа жұмыс орнын құрумен 93,5 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаның пулы жасақталды.
Биыл 11 млрд теңгеге 549 жаңа жұмыс орнын құрумен 5 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.
Өндіру көлемі 195,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде 85,9 млрд теңгеге жуық өнім экспортталды.
Одан бөлек, АЭА қатысушылары тарапынан бюджетке 11,9 млрд теңге аударымдар жасалды.

Аталған өндіріс орындары мамандарды жұмысқа шақырады.

Бөлісу