Өткен жылы 1 млн-нан аса қызғалдақ егілген - Шымқала қызғалдақтары құлпырып тұр

0
2 948

Гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен.


Өткен жылы 1 млн-нан аса қызғалдақ егілген - Шымқала қызғалдақтары құлпырып тұр

Шымкент қаласының символы болып табылатын қызғалдақ бүгінде гүл ашып, үшінші мегаполисті ажарландыра түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы, былтыр күзде қаладағы көшелер мен гүлзарларда 1 млн-нан аса қызғалдақ егілген болатын. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.
Мамандардың айтуынша, қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек.
Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» болып есептеледі.