​Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

0
727

Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген.


​Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да жаңа студенттер үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жекеменшік әріптестік негізінде салынған жаңа жатақхана 180 тұрғынға есептелген. Жалпы ауданы – 1000 шаршы метрді құрайтын студенттер үйі 5 қабаттан тұрады. Ғимарат барлық заманауи талаптарға сай.

Жекеленген әр бөлмеде 2 және 4 адамнан тұрады, әр бөлмеде жеке санитарлық бұрышы мен душ бөлмесі бар. Жатын бөлмелермен қатар, жатақхана заманауи ас үйлермен, кір жуатын бөлмемен және басқа да тұрмыстық, қосалқы жайлармен жабдықталған. Оқу жылы бойында жатақханада университеттің филология, өнер және білім факультетінің білім алушылары орналасады.
Айта кетелік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ бұған дейін де жастарға 4 бірдей студенттер үйін пайдалануға беріп, елімізде жатақханамен қамту мәселесі толығымен шешілген университеттердің бірі болатын. Ал, үшжақты келісім негізінде салынған жаңа жатақхана кәсіпкер Анарбекова Әсия арқылы жүзеге асып отыр.

Айта кетейік, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да Отан қорғаушылар күні қарсаңында жаңа әскери кафедра ашылған болатын.

Жаңа кафедра ҚР Қарулы Күштерінің әскери оқытылған резервін даярлауда және толықтыруда стратегиялық міндеттерді орындауға бағытталған. Бастапқыда 100 студентті ғана қабылдаған кафедрада білім алушылар саны бүгінде 1000-ға жетіп отыр. Бұл үлкен жетістік деуге болады.

Сондай-ақ, 27 оқытушы құрам, 9 инженерлік-техникалық құрам, 15 оқу-әдістемелік бөліммен қамтылған. Әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрамында тиісті лауазымды қызмет атқарған, әскери-педагогикалық тәжірибесі мол офицерлер болып табылады.

Мамандар даярлау бойынша арнайы дәрісханалар көрнекі құралдармен, қару-жарақ үлгілерімен және әдістемелік нұсқаулармен жабдықталған.