Салтанатты шарада шаһар басшысы түлектерге қызыл дипломды табыстады.
фото: Шымкент қаласы әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасынан
ERNUR.KZ. Шымкентте университетті үздік бітірген 444 түлекке дипломды салтанатты тапсыру кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімдігінің фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Биыл Астана қаласына – 20 жыл және М.Əуезов атындағы ОҚМУ-ға – 75 жыл. Осы мереке аясында Шымкентте университетті үздік бітірген 444 түлекке дипломды салтанатты тапсыру кеші өтті.
Мерекелік жиынға Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов қатысты.
«Сіздерге сəттілік тілеймін, жолдарыңыз ақ болсын! Қолдарыңызға диплом алып, еліміздің тұтқасын ұстар жас маман атандыңыздар. Енді үшінші мегаполисті қаланың дамуына атсалысып, өркендеуіне үлес қосуға шақырамын», - деді университеттің құрметті профессоры Ғ.Əбдірахымов.
Салтанатты шарада шаһар басшысы түлектерге қызыл дипломды табыстады.
Айта кетейік, ОҚМУ-ды 4273 студент бітіріп, оның 444-і үздік диплом иегері атанды.
Әрі қарай кеш қазақ эстада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.