​Шымқала әкімі шетелдік дипломаттармен кездесті

0
1 459

Алдағы кезде жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарда бар.


​Шымқала әкімі шетелдік дипломаттармен кездесті

Шымкент қаласының әкім Ғабидолла Әбдірахымов шетелдік дипломатиялық өкілдерінің басшыларымен кездесіп, алдағы уақытта жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарын талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Оңтүстік Кореяның, Литва және Оңтүстік Африка Республикаларының дипломаттарымен кездесті. Бірқатар елдердің дипломатиялық басшыларымен жүздесу кезінде Ұлы Жібек жолы бағытының орталығы болған Шымкенттің мүмкіндіктерін талқыға салды.

Сонымен қатар, Шымкентте шетелдік инвесторлар үшін жан-жақты жағдалар жасалынып, әкімшілік тарапынан кедергілер жойылуда. Алдағы кезде жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарда бар.

Сондай-ақ, кездесу барысында шаһар басшысы кәсіпкерліктегі, туризм бағыттары мен ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, бірге дамытуға белсене қатысуға шақырды.

Қос тарап кездесу соңында өзара тиімді жобаларды бірге жүзеге асыруға сенім білдірді.