ШЫМКЕНТ: 146 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем берілді

0
852

Әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал арқылы 321 344 адамнан өтініш түскен.


ШЫМКЕНТ: 146 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем берілді

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 321 344 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 162 740 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 155 383-ның өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған.

Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 162 740 адамның ішінде 151 442-ы өтініштер бойынша, 11 298-ы проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар), 146 045 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.