ШЫМКЕНТ: 276 орам сапалы интернетпен қамтылады

0
468

Қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: 276 орам сапалы интернетпен қамтылады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы 276 орамы сапалы интернетпен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Аталған шағын ауданда мыңнан астам адам тұрады.
Шағын ауданды мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады.
Табиғи газбен қамту үшін қаржы қаралып, сәуір айында жұмыстар басталады. Жыл соңына дейін табиғи газбен толық қамтылады.
Сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады.
18 көшенің біреуі асфальтталған. 2020 жылы 5 көшеге, 2021 жылы 6 көшеге тас төселді.
2022 жылы 14 көше (15 км) тас төсеу жоспарлануда. 2023 жылы 7 көшеге асфальт төсеуге ұсыныс берілетін болады.