ШЫМКЕНТ: 3 жасар бүлдіршін бензин ішіп қойды

0
1 526

Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалған​ бүлдіршін​ абайсызда улы сұйықтықты ішіп қойған. Осыдан кейін ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген.


ШЫМКЕНТ: 3 жасар бүлдіршін бензин ішіп қойды

Шымкент қаласында үш жасар бүлдіршін бензин ішіп қойған. Шымқаланың ақ халаттылары бензин ішіп қойған 3 жасар қыз баласының өмірін аман алып қалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін абайсызда улы сұйықтықты ішіп қойған. Осыдан кейін ауыр жағдайда жергілікті ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Бүлдіршіннің ішкі ағазасы қатты зақымданғанын байқаған мамандар, шұғыл түрде Шымкент қаласындағы Гипербариттік оксигенация орталығына жеткізген.

Бензин ішіп қойған үш жасар қыз баланың ішкі ағзасы қатты күйік шалғандықтан, дәрігерлер оны дереу жан сақтау бөліміне жатқызып, назогастральді зонтпен асқазанын шайған. Жан сақтау бөіліміне жатқызылған балақайды аман алып қалу үшін дәрігерлер барын салып, екі күн бойы реанимациялық емдеу шараларын шұғыл түрде жүргізіп тұрған. Нәтижесінде үш жасар қыз баланың жағдайы жақсарып, үшінші күні жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық балақай ауруханада ем алып, жағдайы жақсарған соң анасымен бірге үйіне шығарылды. Қазір үш жасар қыз баласы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауына алынған.