Олардың 21-іаналар, ал қалғаны балалар.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматшаларға аурнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған орталықта тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек түрлері көрсетіледі. Қазіргі уақытта орталықта қызмет алушылар саны 92-ге жеткен. Олардың 21-іаналар, ал қалғаны балалар.
Орталық тарапынан қызмет алушы аналардың уақыттарын тиімді өткізуге ерекше басымдық берілген. Яғни, жеке кәсіпкерлік нысандарымен келісім негізінде қолөнер бұйымдарын жасау, шаш әрлеу салалары бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, қызмет алушы азаматтар жаңа дағдылар қалыптастыруда.
Сонымен қатар, қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттырып, оларға құқықтық көмек көрсету үшін Шымкент қаласы Полиция департаменті өкілдерімен құқықтық кеңес беру іс-шаралары ұйымдастырылады.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
- 150;
- 7(7252) 45 03 03;
+7 775 450 54 33.