Құрылыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін, қажеттілікке қарай кейбір оң жақ өткелі арқылы көлік қозғалысы уақытша жабылып, көлік қозғалысы бағдаршам арқылы реттелетін болады.
Шымкент қаласындағы А-2 «Алматы-Ташкент-Термез» (Жиделібайсын) автомобиль жолы мен Темірлан тас жолы қиылысында оң жақ өткелдерін қайта құру жұмыстарына байланысты, бүгіннен бастап жол қозғалысына келесі өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда: А-2 автомобиль жолы (Жиделібайсын) мен Темірлан тас жолы қиылысындағы бағдаршам өшірілетін болады.
Жол қозғалысы сызбасына сәйкес, бұрылыстар оң жақ өткелдер арқылы ұйымдастырылып, А-2 автомобиль жолы (Жиделібайсын) мен Темірлан тас жолы қиылысындағы жол айрығында сол жақ бұрылыстарға тиым салынады. Осыған орай, оң жақ өткелдерде екі жақтама жол қозғалысы ұйымдастырылады.
Құрылыс барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін, қажеттілікке қарай кейбір оң жақ өткелі арқылы көлік қозғалысы уақытша жабылып, көлік қозғалысы бағдаршам арқылы реттелетін болады.