ШЫМКЕНТ: Антикор жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

0
390


ШЫМКЕНТ: Антикор жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Талдау барысында бюджетті жоспарлау, aleumet.egov порталында тауарлар мен қызметтерді сатып алу, АӘК төлемдері, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу мәселелері зерделенетін болады.

"Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса 8771 5186834 WhatsApp нөміріне немесе prevention.shymkent@gmail.com электрондық поштасына жолдай аласыз.

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз", деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті.