ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданының тұрғындарымен кездесу өтті

0
720

Инфрақұрылым және топырақ жолдарға шағал тас төсеу бойынша, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов және қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары бірлесе Асар-2 шағынауданының инфрақұрылым және топырақ жолдарға шағал тас төсеу бойынша халықпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға таяды. Биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен қатар, электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды.
Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ, бүгінде "Атырау Group" ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселінуде.