ШЫМКЕНТ: «Әжемнің аялы алақаны» атты іс-шара өтті

0
1 025

Іс-шара барысында жент дайындау, құрт, майсөк, ақ және қызыл ірімшік тағамдарының жасалу жолы көрсетілді.


ШЫМКЕНТ: «Әжемнің аялы алақаны» атты іс-шара өтті

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Әжемнің аялы алақаны» атты танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты – бүгінгі ұрпаққа бабалардан қалған төл өнердің заманауи үлгіде даму жолдарын, оларды жетілдіру әдістерін үйрету. Яғни, ұмытылған дәстүрлерді жаңғырту.
Жиын барысында «Достық» әжелер тобы жент дайындау, құрт, майсөк, ақ және қызыл ірімшік тағамдарының жасалу жолдары мен олардың ағзаға пайдасы жөнінде әңгіме қозғап, шеберлік сағаттарын өткізді.
Ал, «Әжемнің алақанынан...» атты көріністе қазақтың кең, мол дастарханын, қонақжайлылығын, үлкенге құрмет, кішіге ізет ететін керемет тәрбиесін көрсетті.
Бұдан бөлек, жергілікті қолөнер шебері Мейрамкүл Тойлыбаева жүн түту, ұршық иіру әдісін заманауи тұрғыдан көрсетіп, таза өнімнің қазіргі таңда үлкен сұраныста екенін айтты. Алаша, кілем тоқу өнерінің шебері Күләш Адарбекова да қыздарға кесте тігуді үйретіп, алаша тоқудан шеберлік сабағын өткізді.
Кілем тоқуды меңгеруге келгенде жастардың құлшынысы жоғары. Өте керемет өнеріміз қайта дамып келеді. Қазақтың қай қолөнерін алып қарасақ та, қазіргі насихаттап жүрген қол маторикасын дамытуға үлесі зор, - дейді Күләш Айдарбекова.