ШЫМКЕНТ: Баспана мәселесіне қатысты азаматтарды қабылдау өтті

0
961

Қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Баспана мәселесіне қатысты азаматтарды қабылдау өтті

Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева баспана мәселесіне қатысты тұрғындарды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар, қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да Заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін айтты. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.
Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.
Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
4) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;
5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;
6) жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.