​ШЫМКЕНТ: Бір мезетте бір науқасқа бірнеше күрделі ота жасалды

0
207


​ШЫМКЕНТ: Бір мезетте бір науқасқа бірнеше күрделі ота жасалды

Шымкент қаласындағы № 2 қалалық ауруханада 73 жастағы науқасқа бір мезетте бірнеше күрделі ота жасалды.

Күрделі операция жоғары білікті нейрохирург Еркін Медетовтың жетекшілігімен жасалды.
Дәрігерлер алдымен науқастың бас миындағы үлкен ісікті микрохирургиялық аппаратпен алып тастады. Сондай-ақ науқасқа омыртқаралық дикс жарығын алып тастау және омыртқаны бекіту оталары да жасалды. Мұндай операциялар жоғары технологиялық маманданрылыған хирургиялық емдерге жатады. Науқасқа бір мезетте жасалған күрделі оталардың барлығы сәтті өтті. Пациент дәрігерлердің бақылауында.
№ 2 қалалық ауруханада нейрохирургия бөлімшесі ашылғаннан бері 100-ден астам пациентке ота жасалған. Мұнда кез-келген көлемдегі ісіктерді жою үшін ең күрделі жоғары технологиялық операциялар өткізіледі. Сонымен қатар ми тамырларының аневризмалары мен омыртқа патологиялары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмектің кепілдік көлемі аясында жүзеге асырылады
Бөлісу