​ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданында 50 балалар алаңшасы пайдалануға берілді

0
534

9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді.


​ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданында 50 балалар алаңшасы пайдалануға берілді

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 59 жоба халық қатысатын бюджет аясында шешімін тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, 50 балалар алаңшасы және 9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді.

«Былтыр 27 ауланы абаттандырдық, соның 14-ін халық қатысатын бюджетпен жүзеге асырдық. Биыл да құрылыс қарқыны жоғары. Мұның барлығы тұрғындардың атсалысумын атқарылуда», - деді шаһар басшысы.

Жоспарға сай бұл межені 100%-ға жеткізу үшін келесі жылы тағы 32 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады.

Жиын барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады. Регламентке сай сұрақ-жауап болып, қала әкімі М.Әйтенов 30-дан аса атап айтқанда, денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс мәселесі, заңсыз ғимарат салу мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында М.Әйтенов хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, 2021 жылы аулаларды абаттандыру және заманауи балалар ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралды. Қазіргі таңда қаламыздағы көпқабатты 184 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысымен 101 үйдің аулаларын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың игілігіне тапсырылуда.