Шымкент: Блок-бекеттерден рұқсаты жоқ 6090 автокөлік кері қайтарылды

0
750

Блок-бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзит 1548 (2754 азамат) тексеріліп өткізілген.


Шымкент: Блок-бекеттерден рұқсаты жоқ 6090 автокөлік кері қайтарылды

Шымкенттегі блок-бекеттерде рұқсаты жоқ 6090 автокөлік кері қайтарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Олардың әрқайсысы бейнебақылау камералары және дрондармен қамтылған.

Блок-бекеттерден соңғы 3 күн ішінде шыққан автокөлік саны 929 (1869 азамат), кірген 742 (1360 азамат), транзит 1548 (2754 азамат) тексеріліп өткізілсе, рұқсаты жоқ 6090 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.

«Блок-бекеттерде төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 3 жайт орын алып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) хаттамалар толтырылған. Оған сәйкес, ескерту жасауға немесе 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады. Олардың 1-уі соттан өткен, қалған 2 жайт бойынша материал жинақталып, сотқа жолданды», - делінген хабарламада.