Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге.
Шымкент қаласында энергетика саласын дамыту бағытындағы 220/110/10 кВ «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуға таяды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаның жалпы құны – 7,9 млрд теңге. Қуаттылығы 160 МВт қосалқы станцияның құрылысына жауапты мердігер мекеме – «Аврора Констракшэн» ЖШС.
Қала әкімі М. Әйтенов әлеуетті нысанның құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы жауапты тұлғаларға құрылысты сапалы орындап, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда нысанның бірқатар құрал-жабдықтарын (220 кВ автотрансформатор, 220 кВ КРУЭ, 110 кВ КРУЭ) орнату жұмыстары аяқталды. Басты құрал-жабдықтары толығымын жеткізілген. Әзірге бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары қалған.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2016-2021 жылдары жүзеге асыру жоспарланған. Мердігер мекеме басшылары құрылысты биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.