​ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

0
146

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен әңгімелесу барысында газдандыру кез-келген қаланың дамуындағы аса маңызды қадам екенін атап өтті.


​ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласында Қаратау ауданындағы 10 мыңға жуық халқы бар Бозарық тұрғын алабына газ берілді.

Газ құбырының құрылысы 2023 жылы басталған.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен әңгімелесу барысында газдандыру кез-келген қаланың дамуындағы аса маңызды қадам екенін атап өтті. Газбен қамтамасыз ету мегаполистің экологиясын айтарлықтай жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қала әкімі тұрғындарды газды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.
Бүгінде тұрғын үйлерді газдандырудың екінші кезеңі аясында 700-ге жуық абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Жыл соңына дейін үшінші кезең жүзеге асырылғаннан кейін тағы 700-ден астам абонент көгілдір отынмен қамтылады. Бұл ретте жыл соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай және Қаратөбе шағын аудандарын газдандыруды аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, газ желісіне қосылуды жылдамдату үшін тұрғындар «QazaqGaz Aimaq» АҚ-на өтініш білдіріп, құжаттарды тапсыруы қажет.

Еске салсақ, бұған дейін Қайнарбұлақ тұрғын алабына да табиғи газ берілген болатын.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар тұрғын алабына газ берілу іс-шарасына қатысқан еді.

Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген.

Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырған болатын.
Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% - ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда екендігін айтқан еді қала әкімі.


Бөлісу