ШЫМКЕНТ: Бүгін "Самал" қосалқы станциясы іске қосылады

0
635

Осыған байланысты, кейбір көшелерде уақытша электр қуаты сөндіріледі.


ШЫМКЕНТ: Бүгін

Бүгін Шымкент қаласында 110/10 кВ "Самал" қосалқы станциясы іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған байланысты, 11:00 - 17:00 аралығында Асар, Самал-3, Солтүстік-батыс, Отау, Ақжайық шағынаудандары мен Төлеметов көшесі бойында орналасқан “Көкжайлак” ТК уақытша электр қуаты сөндіріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың наурыз айында 110/10 кВ "Самал" қосалқы станциясында өрт шығып, апатты жағдай орын алған болатын.
Қазіргі уақытта қосалқы станциясын қайта іске қосу үшін атқарылған күрделі жұмыстар аяқталып, жоғарыда аталған елдімекендер “Самал” қосалқы станциясына қайта қосылатын болады. Сондықтан, Асар, Самал-3, Солтүстік-батыс, Отау, Ақжайық шағынаудандары мен Төлеметов көшесі бойында орналасқан “Көкжайлак” ТК-де уақытша жарық сөнеді.