ШЫМКЕНТ: «Чумчак» және «Көк» каналдары қарашада пайдалануға беріледі

0
773

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар.


ШЫМКЕНТ: «Чумчак» және «Көк» каналдары қарашада пайдалануға беріледі
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан каналдарға барып, іс барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еске сала кетейік, бұған дейін “Чучмак” және “Көк” каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстарын кешіктірген мекемелерге 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Қазіргі кезде құрылыстың 80 пайызы бітті. Жоспар бойынша қараша айында ел игілігіне берілуі тиіс. Ол үшін қыркүйек айының 10-ынан бастап ағын судың тоқтайтынын шаруаларға алдын ала ескерту керек. Осылай деген шаһар басшысы ауылшаруашылығы және табиғат басқармасына түсіндіру жұмыстарын жіті жүргізуді тапсырды.
Бұдан соң қала әкімі “Шапырашты”, “Сай ниже водопада” каналдарының да күрделі жөндеу жұмыстары барысын көрді.
Сала мамандарына “Сай ниже водопада” каналына қойылып жатқан блоктардың сапа сертификатын тексеріп қабылдауды тапсырды. Әзірге мұнда істің 20% атқарылған. Нысан келесі жылға өтпелі.
Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал. Ағымдағы жылы каналдардың 6 шақырымында механикалық тазалау жүргізілсе, 18 жарым шақырымын қолмен тазалау жалғасуда.
Алдағы 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.
Су қоймалардың «Тоғыс», «Бадам» су қоймалары «ҚазСушар» РМК меншігінде болса, «Текесу», «Ақжар» су қоймалары басқарманың теңгерімінде.
Бүгінде жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналдарға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артатын болады.