Шымкент қаласында кардиохирургтар жасы қырыққа таяған азаматтың жүрегіне күрделі ота жасаған.
Иллюстрияциалық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден
Шымкентте кардиохирургтар 38 жастағы азаматтың жүрегіндегі тесікті бітеу үшін ағзасындағы қапшықтан жамау жасап берді - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Мегаполис кардиохирругтары күрделі отаны тумасынан жүрек ахауына шалдыққан азаматқа үш сағат бойы жасаған. Ота кезінде мамандар ер кісінің жүрегінде пайда болған тесікті бітеу үшін, жүрегінің сыртындағы қапшықтан жамау жасаған. Кейін пациенттің ағзасындағы қапшықтан жасалған жамауды жүрегіндегі тесікке бітеген.
"Отаның ерекшелігі сол- қабырға арасынан 4-5 ші қабырға аралықта кішкентай ғана кесіммен 3-4см эндовидеоторакоскопиялық құрылымның көмегімен іске асады. Бұл әдістің басқа операцияларға қарағанда артықшылығы ота жасалған науқастар 3-4 ші күні үйіне шығарылады, және реабилитация мерзімі өте қысқа болады. Тағы бір айта кететін жайт косметикалық тұрғыдан әсіресе жас әйелдерге және балдарға ыңғайлы, операциядан кейінгі тыртық білімбейді"- дейді Шымкент қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев.
Айта кетейік, Шымкенттік дәрігерлер мұндай операцияны алғаш рет жасап, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Күрделі операцияны жасау үшін мегаполис дәрігерлері шет елден немесе өзге қаладан білікті маман шақыртпай-ақ өз біліктіліктері арқасында сәтті жүзеге асырған.
Опеарцияның басым бөлігі -эндовидеоторакоскопиялық құрылығының көмегімен іске асқан. Бұл аппарат 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен алыныпты.
Қазіргі таңда әлемдік кардиохирургиялық тенденция осы әдіске көшуде.