935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкеріне 780 млн теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Мұрат Әйтенов бүгінгі онлайн брифингте айтты.
Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастармен тығыз байланыстағы 336 қызметкерінің қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.