ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов Арыстағы құрылыс жұмыстарын тексерді

0
899

Қала басшысы белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау қажет екенін айтты.


ШЫМКЕНТ: Е.Айтаханов Арыстағы құрылыс жұмыстарын тексерді

Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары бойынша Шымкент қаласына бекітілген 10-шы сектордағы құрылыс жұмыстары Ерлан Айтахановтың жіті бақылауында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әр апта сайын Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов Арысқа барып, қалпына келтіру жұмыстарының қарқындылығы мен сапалы жүргізілуін қадағалауда. Қала әкімі бүгін де зардап шеккен үйлерді, әлеуметтік нысандар мен инженерлік желілерді қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеріп қайтты.

Сондай-ақ, қала басшысы құрылысшылармен кездесіп, белгіленген мерзімде жұмысты аяқтау қажет екенін айтып, қарқынды күшейтуді тапсырды.