ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «Сайрам» тұрғын алабындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

0
672

Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.


ШЫМКЕНТ: Қала әкімі «Сайрам» тұрғын алабындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты.
Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды.
Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. 2021 жылға бөлінген қаржы – 497 246, 0 мың теңге. Оның игерілгені 183 249,4 мың теңге.
Қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.