ШЫМКЕНТ: қалалық перинаталдық орталықта "Шала туылған нәрестелер Күніне" арналған салтанатты жиын өтті

0
14

Осы салтанатты жиынға осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып және де емін алып жатқан нәрестелер аналарымен бірге, үйінен келген нәрестелер сәбилер қонаққа келді.


ШЫМКЕНТ: қалалық перинаталдық орталықта

Шымкент қалалық перинаталдық орталықта "Шала туылған нәрестелер күніне" орай үлкен салтанатты іс-шара өтті.

Маңызды жиынға дәл осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып, тәжірибелі дәрігерлер жүргізген сапалы емнің арқасында бүгінде ата-анасының көз қуанышына айналған сәбилер қонаққа келді. Балғын балапандардың құрметіне ұйымдастырылған жиынға арнайы келген аналар, сәби сүю бақытын сезіндірген дәрігерлерге ерекше алғыс білдірді.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді құттықтаған перинаталдық орталықтың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы, әрбір сәби мен ананың өмірі, денсаулығы аса маңызды екенін айтты. Перзентіне өмір сыйлауға келген әр ананың денсаулығы жіті бақылауда деген бас дәрігер, орталықтағы емдеу, күтіп-баптау жұмыстары соңғы үлгідегі заманауй құрылғыларды пайдалана отырып, сапалы түрде жүргізілетінін де жеткізді. Маңызды жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова да келді. Бала саулығы басты назарда екенін айтқан ол, Шымкент қалалық перинаталды орталыққа келген аналарды құттықтап, бүлдіршіндерге саулық тіледі.
Айта кетейік, Шымкент қалалық перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде мерзіміне жетпей дүние есігін ашқан 707 нәресте және 96 егіздер бар. Науқастарға 500-ге жуық маман қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық перзентханада да "Шала туылған нәрестелер күніне" орай салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шарада шала туылған нәрестелерді қалалық перзентхананың бас дәрігері Мадина Умбетовна Кенжебаева құттықтап, әрбір сәбидін өмірі мен денсауылығы өте маңызды екенін айтып, шала туылған балалар ерекше күтімді қажет ететінін, оларға арнайы медициналық көмек пен ұзақ мерзімді күтім қажет болуы екендігін айтты. Аналарына ерте босанудың алдын алудың маңыздылығын айтып өтті. Перзентханада әрбір келген ана мен туылған балаға сапалы медициналық көмек көрсету үшін, соңғы үлгідегі заманауи құрылғыларды пайдалана отырып, емдеу шаралары, күтіп-баптау жұмыстары сапалы түрде жүргізілетінін айтып өтті.

Осы салтанатты жиынға осы мекемеде мерзіміне жетпей туылып және де емін алып жатқан нәрестелер аналарымен бірге, үйінен келген нәрестелер сәбилер қонаққа келді. Балғын балапандардың құрметіне ұйымдастырылған жиынға арнайы келген аналар дәрігерлерге алғыстарын білдірді.

Бөлісу