Шымкент қаласы 2023 жылы 100 пайыз газбен қамтылады

0
870

Биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады.


Шымкент қаласы 2023 жылы 100 пайыз газбен қамтылады

Биыл Шымкентте көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 93 пайызға жетеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте биылғы жылы 8 тұрғын алабына газ құбырын тарту жұмыстары басталып, 5-нің құрылысы аяқталады. Осының есебінен 11 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылып, көрсеткіш 93 пайызға жетеді.

Биылғы жылы Алтынтөбе, Бадам 195, Достық, Асар-2 және Азат тұрғын алабтарының құрылысы аяқталады. Бүгінде Алтынтөбеде газ құбырын тарту жұмыстары 90 пайызға орындалса, Асар-2 шағын ауданында жұмыстың 40 пайызы аяқталып отыр.
Жалпы қаладағы 81 елді мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылса, 33-і жартылай, ал қалған 8 елді мекен тұрғындарының көгілдір отынға қолы жетпей отыр. Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында 2021 - 2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2023 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Сонымен қатар, қалада №3 автоматты газ-реттегіш станциясының және 58 шақырымды құрайтын газ құбырының құрылысы салынуда.