Шымкент қаласында ​«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» акциясы өтеді

0
242


Шымкент қаласында ​«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» акциясы өтеді

Шымкент қаласында 2024 жылғы 31 қазанда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылады.

Акция сағат 16.00-де Қазақстан халқы ассамблеясында (Желтоқсан көшесі, 9/4) басталады.
Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін ұсыну.
Барлық азаматтар еліміздің заң қоғамдастығындағы үздік мамандардан – жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшыларынан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушылардан, адвокаттардан, нотариустардан және басқа да мамандардан кеңес ала алады.
Бөлісу