Марқұм мен күдікті отбасылық аралас-құраластығы бар жандар болған көрінеді
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы 11-ші шағынауданның 1974 жылы туған тұрғынын үйіне арнайы шақыртқан сыйлы қонағы мас халде ұрып соғып, ақыры өлтіріп тынған, деп жазады nur.kz.
Марқұм мен күдікті отбасылық аралас-құраластығы бар жандар болған көрінеді. Көңілді отырыс кезінде үй иесі мен 1975 жылы туған күдікті арасында кикілжің туындаған. Жанжал кезінде күдікті жәбірленушіні бас-аяғы жоқ соққының астына алған екен.
Нәтижесінде 44 жастағы азамат оқиға орнында, яғни өз үйінде жан тәсілім еткен.
"Бұрын сотты болмаған, тұрақты жұмысы бар, тепсе темір үзетін, әп-әжептеуір азамат кісі өлтіріп отыр. Оған спирттік ішімдіктің әсері болған. Келеңсіз, ойда-жоқта осындай қылмыстар болып жатады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында кісі өліміне ұштасқан қылмысқа ешқандай аяушылық жоқ. Күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасына санкция берілді. Кепілсіз, үй қамақсыз"-дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.