ШЫМКЕНТ: «КамАЗ» бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті соғып кеткен

0
1 289

Жол көлік оқиғасынан 4 азамат жарақат алған.


ШЫМКЕНТ: «КамАЗ» бағдаршамда тұрған 11 жеңіл көлікті  соғып кеткен

иллюстрациялық фото

2020 жылдың 4 желтоқсан күні шамамен 18: 30-да Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жол көлік оқиғасы Тәуке хан даңғылы бойында бағдаршамда тұрған 11 жеңіл автокөлікті «КамАЗ» жүк автокөлігі келіп, соқтығысып, жол жиегіне шығып тоқтаған. Аталған жол көлік оқиғасы бойынша жалпы 4 азамат жеңіл дәрежелі жарақат алып, ауруханаға қаралып, қазіргі уақытта барлығы үйлеріне қайтарылды. Адам шығыны жоқ. Ауыр дене жарақат алғандар да жоқ. Жол көлік оқиғасын КамАЗ жүргізшісі автокөлікті игере алмауымен түсіндіріп отыр.Тәуке хан даңғылының бойында жол белгілерінің барлығы орнатылған. Жол сызбалары сызылған. Жол тегіс. Жол көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ»,- Мұхтар Бұхарбаев Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы.
Аталған аумақта жол көлік оқиғасын тудыратын ешқандай себеп жоқ. Себебі, тиісті жол белгілерінің барлығы орнатылған. Ал, әлеуметтік желідегі ақпарат шындыққа жанаспайды. «КамАЗ» жүк автокөлігінің жүргізушісіне тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол оқиғасының мән-жайы анықталады. Ресми өкілдердің сараптама қорытындысы шыққан соң, қосымша ақпарат беріледі.