ШЫМКЕНТ: Қазақстан қор биржасы кәсіпкерлерді жаңа жоба және қызмет түрлерімен таныстырды

0
1 515

Олардың қатарына инвестиция тарту, кәсіпорынды тиімді қаржыландыру, аз пайыздық несиелермен қамтамасыз ету секілді жобалар жатады.


ШЫМКЕНТ: Қазақстан қор биржасы кәсіпкерлерді жаңа жоба және қызмет түрлерімен таныстырды

Шымкент қаласында «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының арнайы тобы «КАSE day in Shymkent» бизнес таңғы асын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған іскерлік-шараға Қазақстан қор биржасы басқармасының басшылары, Шымкенттегі ірі компаниялардың өкілдері мен Биржа серіктестері қатысып, шымкенттік кәсіпкерлерге Биржаның жаңа жобалары мен қызметтері таныстырылды. Атап айтсақ, ол қызметтер қатарына кәсіпкерлердің бизнес жобасына тиімді инвестиция тарту, кәсіпорынды тиімді қаржыландыру, аз пайыздық несиелермен қамтамасыз ету және Қазақстандағы жоғары нәтижеге жеткен компаниялармен серіктестік орнатуға ықпал ету жатады.

Өз кезегінде, нарықтағы кәсіпкерлер үшін ашылатын мүмкіндіктерді Қазақстан қор биржасы басқармасы басшысының орынбасары Цалюк Андрей Юрьевич «Қазақстанның қор биржасы: бүгінгі жағдайы мен болашағы» және Бизнесті дамыту жөніндегі басқарма басшысы Тұрмағамбетов Қайрат Жұмабекұлы «Қазақстан қор биржасының қаржылануы» тақырыптарына құрылған презентециялар арқылы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, іс-шара соңында Шымкент қаласында өз кәсібін жүргізіп отырған бизнесмендер «Қазақстан қор биржасы» қызметкерлеріне өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, Қазақстан қор биржасы өткізген бұл кездесу Шымкенттегі шағын және орта бизнес өкілдеріне биржаның бүгінгі жағдайы мен болашағы, кәсіпкерлердің өз жобасын қаржыландыру кезінде тиімді жолдарды таңдауы мен алдағы уақытта кәсібін жаңа мүмкіндіктер арқылы дамытуы туралы кеңестер және ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған