Қаладағы маңызды көше саналатын бұл даңғылдың құрылысы «КазахДорСтрой» ЖШС-не жүктелген.
Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-ші кезеңі бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі құрылысы 2020 жылдың қазан айында басталған нысандағы атқарылған жұмыстардың барысын пысықтады.
Қаладағы маңызды көше саналатын бұл даңғылдың құрылысы «КазахДорСтрой» ЖШС-не жүктелген. Кезеңнің жалпы ұзындығы – 6 жолақты 0,561 шақырым, жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда екі бағытты айналма темір жолын, кәріз құбырын салу, кабель желілері, темір жол электр бағаналарын және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, жер жұмыстары және темір жол көпірінің негізін құю жұмыстары орындалды.
Сондай-ақ, тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде. Оң жақ тіреу қабырғаларының жұмысын жалғастыру үшін темір жолдан Бөгет көшесіне дейінгі нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажеттігі туындап отыр. Бұл бағыттығы жұмыстар жіті бақылауда.