Шымкентте COVID-19 инфекциясымен жалпы 1051 адам тіркелген.
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының ауру белгілерімен 29 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 16 әйел адамнан, 12 ер адамнан және 1 кішкентай баладан анықталды. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды.
Айта кетейік, еліміз бойынша ең көп індет жұқтырған қала - Алматы. Онда 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Ал Нұр-сұлтан қаласында 2620 жағдай тіркелген. Ал Атырау облысында 1246 науқас індет жұқтырған.
Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясымен жалпы 1051 адам тіркелген, олардың ішінде 465-і жазылып шықты.
Үшінші мегаполис коронавирус жұқтыру өсімі артқан өңірлердің алдыңғы шебінде тұр.