ШЫМКЕНТ: Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жобалық менеджмент тәсілі енгізіледі

0
644

Аталған жоба жерді өз бетінше иеленуге жол бермеу, алаяқтықтың алдын алу және сотталғандарды әлеуметтендіру мәселелері бағытында енгізіледі.


ШЫМКЕНТ: Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жобалық менеджмент тәсілі енгізіледі

Шымкент қаласының прокуратурасы жобалық менеджмент тәсілімен жаңа жобаны іске асырмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
Аталған жоба жерді өз бетінше иеленуге жол бермеу, алаяқтықтың алдын алу және сотталғандарды әлеуметтендіру мәселелері бағытында енгізіледі.
Қазіргі таңда мегаполис аумағында орын алған құқық бұзушылықтарға қарсы алдын алу шаралары тиімді жүргізілуде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов құқық қорғау органы өкілдеріне бұл бағыттардағы жұмыстарды қайта пысықтап, жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін айтып өтті.
- Көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, қала аумағында орын алған құқық бұзушылықтарды саралап, онымен күресу баршамыздың басты мақсатымыз. Әкімдік бұл жаңа жобаның іске асуына қолдау білдіре отырып, аталған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуда мол септігін тигізеді деп сенемін”, - деді М.Дүйсенбекұлы.