Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында 354 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған.
Биылғы жоспарға сәйкес Құрсай аумағында жалпы ұзындығы 10,1 шақырымды құрайтын 12 көше асфальттеледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Олар: Жылысай, Таңатар, Жарқайын, Ұзынағаш, Ақбата, Ақбата көшесінің тұйығы, Киіктау, Зайсан, Алтынасар, Күмістікөл, Қосқорған және Сарыбел көшелері.
Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында 354 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған.
Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағын аудандарындағы ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде.