​ШЫМКЕНТ: құрылыс заттары сатылатын базарлар сыртқа көшіріледі

0
545

Әкім тиісті сала мамандарына жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырды.


​ШЫМКЕНТ: құрылыс заттары сатылатын базарлар сыртқа көшіріледі

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында орналасқан құрылыс заттары сатылатын базарларды қала сыртына көшіру жұмыстары басталды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан қала сыртынан ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 75 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.Осыған орай, құм, шағал-тас, өзге де құрылыс заттары сатылатын базарлар көше бастады. Аталған жұмыстар барысымен аудан әкімі Б.Парманов танысып, тиісті сала мамандарына жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырды.
Сырым батыр көшесінде орналасқан ағаш базары аумағында 10-нан астам сауда нүктесі бар. 2-3 гектар аумақта 5 кәсіпкер ағаш сатумен айналысады.
Қазіргі таңда аталған ағаш базарын Бозарық шағынауданында орналасқан 5,3 гектар жер теліміне, жаңа базарға көшіру жұмыстары жүргізілуде.