Шымкент: Мәжіліске үш партия өтті

0
2 346

Мәжіліс құрамына Қазақстанның халық партиясы «Nur Otan» партиясы, «Ақ жол» ҚДП-сы өтті.


Шымкент: Мәжіліске үш партия өтті

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттары сайлауының қортындысы бойынша 3 партия Парламент Мәжілісі мен мәслихатына өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Құнанбаев мәлімдеді.

Мәжіліс құрамына Қазақстанның Халық партиясы – 1,3%, «Nur Otan» партиясы - 78,63%, «Ақ жол» ҚДП-сы 9,60% дауыспен өтті.

- Депутаттық мандаттарды бөлу 7 пайыздық кедергілерді еңсерген партиялар арасында өтті. Онда «Нұр Отан» партиясына 24 мандат, ал «Ауыл» мен «Ақ жол» партияларынан - 3 мандаттан бөлінді, - деді Қайрат Құнанбаев.

Шымкентте дауыс беруге құқылы 617 027 азамат болса, оның 348 644-і өз таңдауын жасаған. Сайлауға қатысушылардың көрсеткіші 56.5 %-ды құраған. Одан басқа 7975 бюллетень жарамсыз деп танылған, 274 553 бюллетень жойылған.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы сөз соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлауына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.