ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы енгізілді

0
699

Жаңа формат үміткерлерге әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.


ШЫМКЕНТ: Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа пилоттық жобасы енгізілді

«Eqyzmet.gov.kz» жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі әзірленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Шәкір Асылханұлы брифинг барысында мәлімдеді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Атап айтатын болсақ, мемлекеттік басқару академиясының түлектерін өңірлердегі лауазымдарға, сондай-ақ, мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған түлектерді аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурссыз тікелей тағайындау мүмкіндіктері бар.
Ол үшін, біріншіден, жоғары оқу орнын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде аяқтауы (грантпен) қажет.
Екіншіден, диплом бойынша GPA баллы 3,33-тен төмен болмауы керек.
Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергіні жоюдың тағы бір жолы – агенттік келісімімен «Б» корпусының жоғары лауазымдарына конкурссыз тікелей тағайындау.
Ал, шығу тәртібіне келетін болсақ - екі тоқсан бойы төмен бағаланған қызметшіні төмендету, ал төменгі лауазым болмағанда – оны қызметтен шығаруды көзделеді.
Сонымен қатар, Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеу мен оны өткеруді толық цифрландыру арқылы «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.
«Eqyzmet.gov.kz» жүйесінің сыртқы порталында іске асырылатын мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленді. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдері, әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
«Е-қызмет» жүйесінде барлық маңызды ақпараттық жүйелер интеграция жасалынды. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар жоғын тексеру, үміткердің біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның барлығын жүйе автоматты түрде өзі жасайтын болады.