«Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

0
725

Экспозицияда 90-нан астам кәсіпорын ұсынылады.


«Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді

17-19 қараша күндері «Көрме» орталығында «Шымкент өнімдері» көрмесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған көрменің басты мақсаты – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарын, ұйымдары мен мекемелерін жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.

Іскерлік байланыстарды нығайту үшін көрмеге әлеуетті тұтынушылар шақырылып отыр. Олардың қатарында мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері бар.

Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын ұсынылады.