ШЫМКЕНТ: республикалық тазалық акциясы аясында 700 ағаш отырғызылды

0
428

Жалпы бұл акцияға 60-тан астам тұрғын атсалысты.


ШЫМКЕНТ: республикалық тазалық акциясы аясында 700 ағаш отырғызылды

ERNUR.KZ. Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүріп жатыр.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және Shymkent ӘКК мамандары қалалық сауда-логистикалық орталығына ағаш екті. Экологиялық акция барысында жалпы саны 700-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды.
Сонымен қатар, тазалық шарасында аумақты қоқыстан тазалау, шөп ору және ағаш ақтау жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл акцияға 60-тан астам тұрғын атсалысты.

Қала тазалағы - әрбір тұрғынның міндеті деп санайтын қызметкерлер бұл шараға барша шымкенттіктерді белсенді қатысуға шақырады.

Сондай-ақ, бұған дейін тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатқаны хабарланған болатын.

Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырып, шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілген болатын.

Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.