ШЫМКЕНТ: Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

0
541

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі - қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.
№17 автобус бағыты - «Тұран шағын ауданы – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus»ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері 19-25 минут құрайтын. Автобус Тұран шағын аудан тұрғындарын Бәйдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран шағын ауданы тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауы, себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары екен. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатын уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақытта Тұран шағын ауданының құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір №75 маршрут қарастыру көзделуде және қазіргі уақытта 17 маршруттағы автобус саны 12 болып, аралық жиілігі 5-7 минутты құрады. Бұл бағыт бойынша Тұран шағын аудан тұрғындарын қала орталығына жеткізу жоспарлануда.
№21 маршрут «Құрсай шағын ауданы – Айқап шағын ауданы» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс күндері 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері - 12 минут, демалыс күндері – 15 минут құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 минут құрап отыр.
№34 маршрут «Қазығұрт шағын ауданы – К.Цеткина көшесі» бойынша қызмет көрсетеді. «Бек-Сервис» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7, ал демалыс 6 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері - 12минут, демалыс күндері – 15минут құрайтын. Енді халық шағымдарының көпшілігі бұл маршруттың ескілігіне, кондиционердің жоқтығына және адам жиілігінің жоғары болуына шағымданады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша маршрутқа тағыда 5 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 минут құрап отыр. Бұл маршрут бойынша FAZ,VECTOR, JAC автобустары қызмет көрсетеді.
№171 маршрут «Бозарық саяжай – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 5, ал демалыс 4 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері - 26 минут, демалыс күндері – 32 минут құрайтын. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 минут құрап отыр.
№171А маршрут «Бозарық ш/а – Военкомат» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс күндері 10 автобус болып қызмет көрсетеді. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері - 12 минут, демалыс күндері – 15 минут құрайды. Қазіргі уақытта бұл маршрутқа да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10 минут құрап отырғанын айтты.