ШЫМКЕНТ: сотталған азаматтар жаңа жоба аясында арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады

0
406

Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр.


ШЫМКЕНТ: сотталған азаматтар жаңа жоба аясында арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сотталғандар енді жаңа жоба арқылы арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Қасымбекұлы прокуратура органдарының 6 айдағы атқарған жұмыстары төңірегінде өткен баспасөз брифингінгте айтты.
«Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» атты Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр. Ал сотталғандардың 60-ы қыркүйек айынан бастап 10 айлық оқуға жіберіледі. Оқу аяқталғаннан кейін тиісті диплом, сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастырылады. Басты мақсатымыз - сотталғандарды әлеуметтік ортаға қалыптастыруға бағытталды. Бұл жұмыстармен шектелмей сотталғандарды түзету мақсатында оларды спортқа баулу жүзеге асырылуда.
Ол үшін спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ 11 дана теннис үстелі, 22 дана ракетка мен тор, 93 дана үстел теннис добы, 4 дана волейбол торы, 16 дана волейболға арналған доп, 4 дана бадминтон сеткасы, 8 дана бадминтонға арналған ракетка, 24 дана бадминтон воланы, 3 дана армреслинг үстелі, 3 дана сақинасы бар стритбол қалқаны, 9 дана стритбол добы, 15 дана шахмат, 15 дана тоғыз құмалақ.
Жазаны өтеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнатылып, бақылау-өткізу режимі күшейтілді.
Бейнемониторинг нәтижесінде қаскөйлік тәртіп бұзушылықтар 27% төмендеді (122-ден 89-ға)», - деді прокурор.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласы прокуратурасының 2023 жылдың 6 айда атқарылған жұмыс қорытындылары жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта баспасөз брифингі өтті. Қала прокуроры Ғабит Мұқанов жыл басынан бері азаматтардың құқығын қорғау, қылмыстың алдын алу, бизнесті қорғау, коммуналдық тарифтерді төмендету және тағы басқа бағыттардағы жұмыстарды баяндады.

Ғабит Қасымбекұлының мәлімдеуінше, 2023 жылдың 6 айында қалада 3508 қылмыс тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 34 пайызға төмендеген. Қылмыстардың басым бөлігі – алаяқтыққа қатысты. Ол жалпы қылмыстың 37,5 пайызын (1316) құрап отыр. Ұрлық жасау (1056), есірткіге қатысты (295) қылмыс та негізгі көрсеткіштердің бірі.