Құрсай елді мекеніндегі 43 көшеге 16,4 шақырым тас төсеу жоспарланған.
Шымкенттегі Тұран ауданы аумағында биыл 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған дейін 38 көшеге асфальт төселді.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жанаталап, Қазығұрт, Құрсай , Айкөл, Агропром, Карл Маркс елдімекендерінде атқарылды. Аталған шағынаудандардағы көшелерге асфальт жабындысы салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Асфальттеу жұмыстары Гагарина, Абай, Үркімбаев, Байтіленов, Қонаев, Алпысбаев, Исмайлов, Қазыбек би, Дулати көшелерінде де атқарылды.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 43 көшеге 16,4 шақырым тас төсеу жоспарланған. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бүгінгі таңда 42 көшенің шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Тұран ауданы аппараты тарапынан 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.