ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында ХҚО қызметтері толық қолжетімді бола түсті

0
867

Енді Тұран ауданының тұрғындары кез келген ХҚО-на барып, барлық мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданында ХҚО қызметтері толық қолжетімді бола түсті
Шымкент қаласының Тұран ауданында ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толық қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мәлімдеді.
ҚР Қаржы министлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тұран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өз жұмысын бастады.
Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан тіркелген салық органының коды берілді. Енді Тұран ауданының тұрғындары кез келген ХҚО-на барып, барлық мемлекеттік қызметтерді кедергісіз ала алады.