ШЫМКЕНТ: Түрік елінде қайтыс болғандардың рухына құран бағышталды

0
620

Аталған іс-шараны Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесе ұйымдастырды.


ШЫМКЕНТ: Түрік елінде қайтыс болғандардың рухына құран бағышталды

Шымкент қаласындағы Ақмешітте бауырлас түрік елінде зілзала апатынан қайтыс болғандардың рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараны Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесе ұйымдастырды.
Түркия елінде болған жағдай барлығымызға ауыр тиді. Марқұм болғандардың рухы шат болып, зардап шеккендерге Алла шипа берсін. Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірге елімізде тыныштық, амандық болсын деген ниетпен осындай іс-шараны ұйымдастырдық. Құдайға деген шүкіршілігімізді білдірдік. Алла елімізге жақсылығын еселеп берсін, мұндай апаттар қайталанбасын деп тілейміз, – деді өкіл имам.
Қалалық ардагер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев мұндай қиын жағдайда көпшілікті көмек қолын созуға шақырды. Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанынан еріктілер тобы құрылған. Олар күнделікті қажетті заттар, азық-түлік, тағы басқа гуманитарлық көмек жинап жатыр.
Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласынан түрік еліне бірінші гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Сонымен қатар, жұма намазында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі халыққа арнайы үндеу жарияламақ.