ШЫМКЕНТ: Үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

0
471

Баланың жағдайы ауыр.


ШЫМКЕНТ: Үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті

Шымкентте үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына 7 қазанда сағат 18.20-да "103" қызметінен Әл-Фараби ауданының Сайрам шағын ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған баланың 4-ші қабаттан құлап түскені туралы хабарлама келіп түскен.

Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, онымен бірге құлап кеткен, осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған.

Зардап шеккен бала Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр (мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты).

Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелген. Олардың үшеуі қайтыс болып, 4 бала зардап шекті. Барлық оқиғаларда сәбилер ата-аналарының қарауынсыз қалған.

"Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға мұқият болыңыз, қараусыз қалдырмаңыз!" деп ескертеді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.