ШЫМКЕНТ: Вирус жұқтырған 13 азаматтың екеуі ТЖД қызметкерлері

0
681

Жалпы қала бойынша 159 адам қауіпті індетке шалдыққан.


ШЫМКЕНТ: Вирус жұқтырған 13 азаматтың екеуі  ТЖД қызметкерлері

25.04.2020 жылғы жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963ж, 1993 жылғы. Қалған он бір азамат-1973ж,1988ж, 1989ж, 1973ж, 1999ж,1985ж, 1984ж, 1970ж, 1994ж, 1967ж, 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы қала бойынша 159 адам қауіпті індетке шалдыққан.