Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: полиция күдіктілерді ұстады

0
797

Екі күдікті ұсталды.


Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: полиция күдіктілерді ұстады

Шымкенттегі жатақханада студент қайтыс болды. Мегаполис полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ. polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екі күдікті ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.