ШЫМКЕНТ: Жеке гаражда өрт шықты

0
1 038

Тілсіз жау 7 минут ішінде сөндірілді.


ШЫМКЕНТ: Жеке гаражда өрт шықты
Шымкентте жеке гаражда өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ


Биылғы жылдың 1 шілдесінде сағат 19:02-де Абай ауданы, Қастеев көшесі бойында орналасқан жеке гаражда өрт шыққаны турлы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жалпы көлемі 160 ш.м. құрайтын гараждың шатыры, ішінде жүк тасымалдайтын «Газель» маркалы автокөлік толығымен және 2 автокөліктің ағаш борттары жанғанын анықтаған.

Өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, гараждың ішінен 50 л бір кислород баллонның жарылуын алдын алып, оны қауіпсіз жерге тез арада шығарды.

Өрттің беті сағат 19:21-де оқшауланып, сағат 19:28 -де толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша көлікте техникалық жөндеу барысында электрсымдардың қысқа тұйықталуы орын алған. Нақты себебін және келтірілген материалдық шығынның көлемін құзырлы органдар 10 тәуліктің ішінде анықтайды.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 23 адам және 5 техникасы, Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.