Аталған бейне жазбаны түсіріп алған азаматша анықталып, одан жауап алынды.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты тексеру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылғы 29 наурыз күні әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып алып кеткендігі туралы бейнежазба жарияланған.
Осы күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сол маңдағы бейнебақылау камералардың біріне осы оқиға түсіп қалғанын анықтап, бейнежазбасын тексерді. Сондай-ақ, жақын маңда тұратын тұрғындарынан сұрау жүргізілді. Аталған бейне жазбаны түсіріп алған азаматша анықталып, одан жауап алынды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.